Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың әпкесі сот алдында жауап бергені туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Журналист Михаил Козачковтың дерегінше, "Павлодар облысы әкімінің әпкесі мас күйде көлік тізгіндегені үшін ұсталған, осы үшін ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынған".

Әкімнің өзі не дейді?

Өңір әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында осы жағдайға пікір білдірді.

"Үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты бұл қағидаттан тыс емес", — деді әкім Threads желісінде.

Massaget.kz бұл жағдайға байланысты құзырлы органдарға сауал жолдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget