Таразда облыстың үздік мейіргерін анықтау үшін байқау өтті.
«MEDSKILLS ZHAMBYL — 2025» жарысын облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған. Оған медициналық колледждерден іріктелген үздік 5 студент қатысты. Алғашқы кезеңде болашақ мейіргерлер медициналық мамандықты неліктен таңдағаны жайында презентация жасап, қорғады. Жарыстың екінші бөлігінде қатысушылар стационардағы, емханадағы және үй жағдайындағы күтім көрсетіп біліктіліктерін көрсетті. Халықаралық WorldSkills байқауының ережесіне сәйкес, студент міндетті түрде ағылшын тілін білуі тиіс. Жарыс жеңімпазы қыркүйекте Талдықорған қаласында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайды.
Сержан Назарбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:
- Әр байқау кәсіби деңгейді көтеру үшін ұйымдастырылады. Қатысушылардың арасында студенттердің арасында жарыс ұйымдастырып бір-бірімен жарыстырып қойсақ онда конкуренция болады. Соның арқасында біз сапаны аламыз.