Оралда жол ережесін өрескел бұзғандар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде жол қозғалысы ережелері өрескел бұзылғанын анықтады. Видеода жолаушылар жүріп бара жатқан көліктен денесін шығарғанын байқауға болады.
"Бұл деректер бойынша құқықбұзушылар жауапқа тартылды. Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Хайп үшін жасалған әрекет өмірге қауіпті екенін ұмытпаған абзал", — деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!