Астана әкімдігі қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері, марқұм Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлдана Мырзуанның отбасына тиісті қолдау көрсету жоспарланып отыр.
– Отбасына жан-жақты көмек көрсету көзделген. Атап айтқанда, материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты шығындар өтеледі. Бұған қоса, белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемі қарастырылған, – делінген Астана әкімдігінің мәлімдемесінде.