Қазақстан мен Германия инвестициялық ынтымақтастық пен парламентаралық байланысты нығайтпақ. Бұл мәселе Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингердің кездесуінде талқыланды. Әшімбаев Германияны Еуроодақтағы стратегиялық серіктес ретінде атап, екі ел арасында сенімді саяси диалог орнағанын айтты. Сауда, экоғномика, мәдени байланыстар да ілгерілеп келеді. Тараптар заң шығару ісінде тәжірибе алмасу жайын талқылады. Сонымен қатар рухани дипломатия мәселесі де көтерілді. Биыл қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне дайындық сөз болды. Анке Релингер Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, ынтымақтастық арта түсетініне сенім білдірді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға үнемі баса мән береді. Біз Сенат тарапынан заңнамалық қолдау көрсетуге және барлық келісімді тиімді іске асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.
Шерхан Жамбылұлы