Астанада агрофорум басталады. Отандық агросекторда бүгінгі күні 1 млн-нан астам адам еңбек етеді. 300 мыңнан аса шаруалық табысты жұмыс істеп тұр. Олардың 180 мыңы егін мен мал шаруашылығын қатар алып жүрсе, 150 мыңы тек қана мал өсірумен айналысады.
Салада айқын өсім бар. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында ірі қара саны 9 млн-ға жуықтады. Ал жылқы саны 6%-тен артық өсіп, 4,5 млн-ға жетті. Әлемдік нарықтағы сұранысқа сай егіс алқаптарын әртараптандыруға баса көңіл бөлініп отыр. Мұның ішінде биыл майлы дақылдар алқабы 4 млн гектарға ұлғайып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,1 млн гектарға өсті. Отандық агроөнеркәсіп саласындағы осы және өзге де мәселелер бүгін Астанада өтетін аграрлық форумда талқыланады.