Ауыл шаруашылығы мен тау-кен саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық бар.
«John Deere» компаниясы өз техникасын Қазақстанда шығаратын болды. Стратегиялық келісімнің құны 2,5 млрд долларға жетті. Құжатта Қостанай және Түркістан қалаларында «John Deere» маркалы 3000 техника шығару, үш сервис орталығын салу және кадрларды даярлау жүйесін дамыту қарастырылған. Оған қоса елімізді тұтас ТМД мемлекеттерін қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін өңірлік хаб ретінде қалыптастыру көзделген. Одан бөлек «Тау-Кен Самұрық» пен «Cove Capital» компаниялары құны 1,1 млрд долларлық құжатқа қол қойды. Енді Қарағанды облысындағы Солтүстік Катпар және Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындары бірлесіп игеріледі. Демек, әлемдегі ең ірі кен орнында терең өңдеу қуаттарын құрып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет халықаралық брендті көпсалалы клиника ашылады. Американың компаниясы 150 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асырып, өңірлік заманауи медицина хабына айналдыруды көздеп отыр.
John Deere компаниясымен келісім құны — $2,5 млрд
Елде шығарылатын техника — 3000
Cove Capital компаниясымен келісім құны — $1,1 млрд
Игерілетін вольфрам кен орындары — 2
Ashmore Investment Advisors компаниясымен келісім құны — $150 млн
Жоспарланған жоба — алғашқы халықаралық брендті көп салалы клиниканы құру