Иран ядролық нысандарын қайта қалпына келтіріп, қуатын арттыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ел президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді. Еске салсақ, 13 маусымда Израиль Иранға соққы жасады. Кейін шабуылдарға АҚШ та қосылған еді. Әуе соққылары атомдық нысандар мен ғылыми қауымдастыққа бағытталған. Ақырында екі ел бейбіт келісімге қол жеткізді. Дегенмен, бірнеше мемлекет Тегеран уранды байыту арқылы ядролық қару жасауы мүмкін деп алаңдаулы.