Бішкек милициясы боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатеринаға іздеу жариялады. Оған сырттай айып тағылып , қамау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, іс Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы ("Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе аймақаралық араздықты қоздыру") бойынша қозғалған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас еркіндігінен айыру көзделген.
Бұған дейін Бивол Екатерина әлеуметтік желіде түрлі ұлт өкілдерін қорлайтын сөздер айтқан видеосын жариялаған.
Көптеген қолданушы әйелдің әрекетін айыптады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!