Қонаев қаласының тұрғындары Республика күнін тәуелсіздік пен ел бірлігінің символы деп есептейді.
Алдағы мерекеге орай қалада концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен флешмобтар өтеді. Игі бастамалар қоғам бірлігін нығайтып, отаншылдық рухты арттыруға бағытталған. Тұрғындар егемендік туралы Декларация қабылданған тарихи күннің маңызын ерекше сезініп, мерекелік көңіл-күйін бөлісіп жатыр.
БЛИЦ:
1. — 25 қазан — бұл бүкіл еңбекші халықтың, біздің мемлекетіміздің мемлекеттік тарихи күні болып есептеледі. Бұл күнде барлық халықтың, мен қазақпын деген әрбір қазақтың қуанышпен айта алатын күні деп есептеймін. Бәрінің мақсаты осы өзіміздің қазақ елімізді, Қазақстанымызды дамыту, өркендету, гүлдендіру.
2. — Келе жатқан Республика күнімкн құттықтаймыз. Республикамыздың біздің бірлігі, халқымыздың бірлігі-тірлігі керек деп ойламын. Өзіміздің ата-бабамызды, заңымызды бәрін біріктіретін мейрамдардың бірі деп ойлаймын. Біздің көк байрағымыз биіктен желбірей берсін. Әр уақытта осы береке бірлік, тірлігіміз бола берсін. Қуаныштымыз осындай мейрамымыз болғаны үшін.
3. - Республика күні құтты болсын! Еліміз өссін, өнсін, дамысын. Мен мынау өсіріп отырған 5 бала-шағамның болашағынан зор үміт күтемін. Өсе берейік, дами берейік, мынау өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз тек қана жақсылыққа қарай жүре берсін.