Алматыда бір түнге Марков көшесінің учаскелерінің бірінде қозғалыс шектеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"27 мамырда сағат 21:00-ден бастап 28 мамыр сағат 07:00-ге дейін Алматы Бостандық ауданында Марков көшесінің бойымен Бұқар Жырау желекжолынан бастап Пожарский көшесіне дейін екі бағытта автокөліктер қозғалысы шектеледі", — делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!