АҚШ-та БАҚ өкілдері Қорғаныс министрлігінің жаңа саясатына қарсы наразылық білдірді. Ондаған журналист Пентагон ғимаратынан кетіп, рұқсат қағаздарын тапсырды.
Олардың қатарында The New York Times, Associated Press, Newsmax басылымдарының қызметкерлері бар. Министрліктің жаңа ережелері ақпарат өкілдерінің әскери дереккөздерге қол жеткізуін шектейді. Қорғаныс министрі Пит Хегсет бекіткен тәртіп бойынша, журналистер министрліктің мақұлдауынсыз материал жариялаған жағдайда олардың рұқсаты кері қайтарылуы мүмкін.