Дүниежүзілік тазалық күніне орай екі мың жамбылдық атсалысты, деп хабарлайды 24kz.
300-ге жуық мемлекеттік қызметші ғасырлық тарихы бар Мамыр саябағында сенбілік өткізді. Жалпы жамбылдықтар халықаралық шарадан бөлек тұрақты түрде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысады. Жыл басынан бері облыс аумағынан 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Нұржас Нұрболат, Экология департаментінің басшысы:
- Жамбыл обысы бойынша 198 нүкте анықталған. Сол 198 нүкте бойынша біздің департамент тарапынан 98 рейдтік іс-шара жүргізілген. Сол рейдттік шара нәтижесінде біз бүкіл анықталған бей-берекет қоқыстарды аудандарға тек айыппұлмен ғана емес, тазалау, ол жерді қалпына келтіру бойынша, қайта барып тексеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 198 нүкте толықтай жойылып отыр.