Эстония Мәскеуді айыптады. 3 бірдей МиГ-31 жойғыш ұшағы Фин шығанағындағы Вайндло аралының маңында көзге түсіп, ел аумағында 12 минут болған.
Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнаның мәліметіне қарағанда, Ресей ұшақтары елдің әуе кеңістігін биыл 4-рет бұзып отыр. Эстония, ЕуроОдақты Мәскеуге қарсы экономикалық және саяси санкцияларды күшейтуге шақырды. Бұдан бөлек, Ресейдің уақытша сенімді өкіліне наразылық нотасын тапсырды. Ал Кремль «Халықаралық әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі ережені бұзғанымыз жоқ», - деп мәлімдеді.