Бүгін Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш бокс чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы Алматы облысы Жетіген ауылында туған.

Спорттық жетістіктері: әлем чемпионы, Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алтын медаль, жасөспірімдер чемпионатында қола жүлде, Қытайдағы турнирде 3 орын иеленді. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (2016). Парижде өткен Олимпиада ойындарында жартылай финалға өтіп, қола жүлде иеленді. (2024). 2025 жылдың наурыз айында ол ХБА қамқорлығымен үшінші әлем чемпионатында жеңіске жетті.

«Құрмет» орденімен марапатталған.