Бүгін елордада халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтаған фестиваль өтті.
Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы «Отбасы күніне» орай ұйымдастырған. «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атауымен өткен жиында қазақ жанұясында баланың дүниеге келуінен бастап есейгенге дейін орындалатын жоралғылар түсіндіріліп, ұлттық қолөнерден шеберлік сабағы өтті. Қатысушылар қазақ ою-өрнегінің тарихы мен мән-мағынасымен танысып, өз қолдарымен тұмар жасап көрді. Осылайша отбасы институтын нығайту және этнопедагогикалық тәрбиені жетілдіру, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту көзделген.
Дмитрий Астанькович, ҚХА төрағасының орынбасары:
- Меніңше әр отбасы халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге тырысады. Бәрі бізге байланысты ғой. Егер бүгін отбасы күнінде осындай мейрам ұйымдастырып, ата-бабамыздың құндылықтары туралы дәрістер өткізсек, бұл мереке де дәстүрге айналады.