Қазір Қатарда 800-ден астам Қазақстан азаматы жұмыс істеп жүр. Талдау барысында олар негізінен мұнай-газ секторында, қызмет көрсету саласында қамтылғаны анықталды. Олардың арасында ер адамдар 60 пайыз болса, ал қалғаны – әйелдер. Елімізден баратын адамдарға қатысты квота болмайды. Бұл туралы мәжіліс мінберінде депутаттар сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Квота бөлінбейді. Өйткені қазір Қатардағы азаматтардың 11 пайызы, яғни 361 мыңы ғана – жергілікті тұрғындар. Ал қалғаны жұмыс істеуге келген мигранттар. Сондықтан Қатар көші-қон мәселесін қарастырмайды. Сол себепті Қазақстаннан Қатарға баратын азаматтар үшін кваота бөлінбейді.