Бүгін, 9 қыркүйек бокстан әлем чемпионатының алтыншы күні.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін 9 боксшымыз ел намысын қорғайды. Олардың арасында қазақстандық бокс жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған Санжар Тәшкенбай мен Назым Қызайбай да бар.
1/8 финал аясындағы жекпе-жектердің кестесі төмендегідей:
Күндізгі сессия 16:00
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Гаюн Мун (Корея) — 16:00-16:30
60 келі. Виктория Графеева vs Люси Кингс-Уитли (Ұлыбритания) — 17:30 -18:00
55 келі. Махмұд Сабырхан vs Башким Бажоку (Косово) — 18:30-19:00
80 келі. Нұрбек Оралбай vs Тоқтарбек Таңатхан (Қытай) — 19:00-19:30
Кешкі сессия 22:00
48 келі. Назым Қызайбай vs Лила Зелецкий (Венгрия) — 22:00-22:30
70 келі. Наталья Богданова vs Сема Чалышкан (Түркия) — 23:00-23:30
50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Хутхайха Эшиш (Иордания) — 00:15-00:45
65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Патрис Мугалзай (Ұлыбритания) — 01:00-01:30
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Георгий Кушиташвили (Грузия) — 01:30-02:00
Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады.