Перу астанасы Лима маңындағы тасжолда 13 көлік соқтығысып , 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.

Алдын ала мәлімет бойынша апатқа қою тұман себеп. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен полиция бөлімшелері жұмылдырылды.

Айта кетейік, Перуде жол-көлік апаттарынан жыл сайын 3,5 мыңнан астам адам қаза табады. Мамандар мұндай жағдайлардың басты себептерін жол сапасының төмендігімен байланыстырады