Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кімдердің жұмыс кестесі өзгереді?

Қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты өзгеріс болмақ.

"15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгереді", — деп жазылған хабарламада.

Бұл өзгеріс кімдерге әсер етпейді?

Әкімдік мәліметінше, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Ал кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget