Швеция Украинаға әскер жіберуге дайын.
Бұл туралы премьер-министр Ульф Кристерссон мәлімдеді. Оның айтуынша, қолдау әскер жіберумен шектелмейді. Швеция әуе барлау және теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар бермек. Бұған дейін Еуропаның 10 елі Украинаны әскер жағынан қолдайтынын білдірген еді. Ал АҚШ сарбаз жөнелтуден бас тартып отыр. Алайда әуе кеңістігін қорғауға сеп болмақ.