Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады.
"Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!