Мурмурация деген қызық құбылыс бар. Ол – топтасқан қараторғайлардың құпия да көркем биі.
Мыңдаған құс аспанда біртұтас ағза секілді қозғалып, кейде қою бұлтқа, кейде толқынға ұқсайды. Әрбір құс көршісінің қимылын қадағалап, соған бейімделеді. Нәтижесінде, бүкіл топ бір мезетте бағытын өзгертіп, жаңа пішінге енеді. Сағатына шамамен 40 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатса да, бір-біріне соқтықпайды, қатардан қалмайды. Ғалымдар мұны жыртқыштардан қорғану тәсілі және ақпарат алмасудың ерекше формасы деп түсіндіреді. Ал сырттай қараған адам үшін бұл табиғаттың тамаша қойылымы сынды.