Жезқазғанда көпсалалы аурухана жанынан перинаталды және онкологиялық орталық салынады, деп хабарлайды 24kz.
Жоба өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамыту жоспары аясында жүзеге асады. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі айтты. Өңірдің даму бағыты жайында баяндаған Дастан Рыспеков алда қолға алынатын жұмыстар жайлы да мәлімдеді.
Ұлытау облысының бюджеті былтырға қарағанда биыл 19%-ке өсті. Бұл шамамен 30 млрд теңгеге жуық. Қазынадағы қаржының 50%-і әлеуметтік салаға жұмсалды. Осылайша, облыс құрылған үш жылдың ішінде 30-ға жуық білім беру мекемесі мен 10-ға тарта мәдениет нысаны жөндеуден өтті.
Дастан Рыспеков, облыс әкімі:
- Өткен жылы білім беру саласында Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған және аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары ашылды, сондай-ақ Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында 200 орындық жатақхана салынды. Келесідей нысандардың құрылысы аяқталды: 380 орындық 2 мектеп. Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жайрем кентіде 750 орынға арналған 3 балабақша.
Биыл өңірдегі денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі 88%-ке жетті. Соңғы 2 жылда 3,2 млрд теңгеге 13 денсаулық сақтау мекемесі күрделі жөндеуден өтті. Тағы 13 нысан жаңадан салынды. Кадр тапшылығын жою мақсатында
Дастан Рыспеков, облыс әкімі:
- Облыстық бюджет қаражаты есебінен 103 млн теңгеге 54 резидент білім алуда. 2025 жылы өңірге жаңадан келген 26 медицина қызметкеріне 170 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу көзделуде. Индикаторларды жақсарту үшін Жезқазған қаласында көпсалалы аурухана құрамында перинаталдық және онкологиялық орталықты салу жоспарланып отыр.
Облыс тұрғындарының 37%-і бұқаралық спортпен айналысады. Көрсеткішті арттыру мақсатында күрес академиясы ашылады. Ұлытауды туризм орталығына айналдыру бағытында жұмыстар жалғаса бермек. Жыл басынан бері салаға тартылған инвестиция былтырмен салыстырғанда 2,5 есе артқан.отыр.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов