Алматыдағы Орталық стадион 10 тамызда тек концерт емес, нағыз тарих куәгеріне айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес сахнада мыңдаған көрерменнің көзінше қазақ жұбына гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбидінің жынысын өзі жариялады.
Концерт қызу өтіп жатқанда, жұлдызға ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт жеткізілді. Джей Ло оны ашып, бүкіл стадионға:
"Бұл қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!", — деп жар салды.
Әлеуметтік желілерде бұл сәт бірден хитке айналып, қолданушылар:
"Жұлдыздың өзі жариялаған соң, бұл қыздың тағдыры да ерекше болмақ", - деп жазып жатыр.
@assemkenessova Вот это круто узнать пол ребёнка от самой JLo????????
♬ оригинальный звук — Assem Kenessova