«Абай – келешектің кемеңгер кеңесшісі. Оның шығармалары адамның тағдыр жолына, өміріне әсер етеді». Ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерінің адам тағдырындағы рөлін, Астанада халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда бас қосқан ғалымдар осылай сипаттады. Жиынға қатыстқандар тұлғаның философиялық, әдеби және ағартушылық көзқарастарына тоқталды. Оның бүгінгі күнмен үндестігін талқылады. Ал шара соңында қонақтар «Абай – Ұлы дала кемеңгері» деп аталатын көрмены тамашалады.

Серік Негимов, филолог, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Абай – мыңжылдықтың тұлғасы. Абайдың ой-пікірлерінде ғасырлық тұжырымдар, байламдар, пайымдаулар бар. Адам баласының тағдыр жолына, өмір сүру стратегиясына жойқын әсер етеді. Абай нағыз келешектің кемеңгер кеңесшісі. Сондықтан да «Абай мұрасына жаңаша көзқарас» деген бүгінгі конфференцияның тақырыбы өте көкейтесті.

Темірлан Нұрсолтан