Абай атамыз адамзат баласына ғасырлар бойы өлмейтін , өшпейтін мұра қалдырды. Қазақ тілінің қаншалықты бай, шұрайлы екенін шығармашылығында әспеттеді. Оның қара сөздері, ақындығы қанша уақыт өтсе де, маңызын жоймайтын, өміршең, жылдар өткен сайын тереңдей түсетін асыл қазынаға айналды. Абай Құнанбайұлының ақындығы бір төбе болса, азаматтық болмысы да бөлек әңгіме.

Абайдың 180 жылдық мерейтойы – тек бір ақынның ғана емес, тұтас қазақ халқының рухани көсемін ұлықтау. Бұл бізге аманат болған мол мұраны дәріптеу, оны терең танып, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып бағалауымен құнды. Мемлекет деңгейінде аталып өтетін бұл мерейтой жастарға Абайды жаңа қырынан танытып, оның идеяларын қазіргі заманға сай пайымдауға жол ашады.