Танымал психолог, космоэнергет Ләззат Нұрлыбек қыз туа беретін әрі ұлды бола алмай жүрген қыз-келіншектер туралы сыр тарқатты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Неге көп отбасында қыз бала дүниеге көп келе береді. Ұлды аңсап жүреді, біз өзі қазақ ұлды қашаннан бері биік қойғанбыз ғой. Өмірімнің, ұрпағымның жалғасы, шаңырақтың иесі деп кез келген отбасы қазақ отбасы ұлды аңсайды, күтеді.
Оның негізгі екі себебі бар, біріншісі, сол үйдің отағасы ер адам қыздың қадіріне жете бермеген. Жүріс жүріп, қыз баланы сыламай, дөрекілік көрсетіп. Соған Алла Тағала әдейі қызды көбірек береді.
Қыздың қадіріне жетсін деп, екінші себебі — сол үйдің отанасы іші тар адам болса, ол әйел көбіне ұл туа алмайды», — деп мәлімдеді ол.