Өскеменде жылу тапшылығы 40 пайызға азаяды .

30 жылдан бері жөндеу көрмеген ірі жылу электр орталығын жаңғырту жұмыстары қарқынды. Қазандықтарға заманауи жабдықтар қойылып, қала шетінде күл жинайтын арнайы орын дайындалуда. Ұзақ жыл бойы бір тетігі жаңармаған «электр энергиясын тарату алаңы» да толық жөнделеді.

78 жылдық тарихы бар жылу орталығында биыл ауқымды жөндеу жұмысы басталды. Соңғы кездері қала аумағы біраз ұлғайып, станция қуаттылығын арттыруға тура келді, — дейді мамандар. Бұл жұмыстар үшін биылға 17 млрд теңге жұмсалады. Жылу мекемесінде қуаттылығы 100 Мгвтт 13-ші турбина және 400 тонна бу шығаруға қауқарлы 16-шы қазандық агрегаттары салынады.

Олжас Асылханов , Өскемен ЖЭО инвестициялық жоба бойынша директоры:

- Жөндеу науқаны бел ортасына жетті, негізгі жабдықтар бойынша жұмыстарды орындау деңгейі 67 процентті құрап отыр. Осы биылғы жұмыс, ремонт жұмысы компаниясы+27.13 келесі жылу маусымын жақсы өткізуге Өскемен жылу электр орталығы жөндеу науқанын жүргізіп жатыр.

Бастысы- қолданыстағы күл жинайтын орын толып кеткендіктен,қазір қала шетінен жаңасы жабдықталып жатыр. Алаңды 11 жыл қолдануға болады. Жер асты суын ластамай, экологиялық талапты сақтау үшін геомембрана төселеді. Сонымен қатар энегрияны ашық тарату алаңы да қайта жабдықталуда.

Бұл ашық тарату құрылғысы 50 жыл бойы жаңартылмаған екен. Биыл міне қарбалас. Әрбір тетік ауыстырылып толықтай жаңа жабдықтар қойылыа жатыр. Бұның маңызы да зор. Өйткені орталықта өндірілген бүкіл электр энергиясы осы жерге жиналып, желіге таратылады.

Станциядағы жөндеу жұмыстарының сапасы да,бөлінген қаражаттың орынды игерілуі де табиғи монополияларды реттеу департаментінің назарында. Себебі жаңғырту жобасына бөлінген қаржының бір бөлігі – тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасымен төленеді.

Жұмагүл Мүсіпова, ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының м.а:

- Алдағы бекітілген 4 миллиард үстіне қосымша 3,5 млрд теңгені алатын болсақ, 50 процент қосымша инвестиция тартылған болатын. Тұтынушылар және қоғамдық белсенді қатысушылар, маслихат депутаттары бәрі қызығушылық танытқан тұлғалар бәрі барып көріп, сол объектілерге назар аудара алады.

Қала шетіндегі бірнеше ықшам аудан мен ірі зауытты жылумен қамтитын «Согра жылу электр орталығын» да жаңа өзгерістер күтіп тұр. Бұл нысандарда инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асса алдағы уақытта станциялардың жұмыс тиімділігі артып, жылу маусымы қиындықсыз өтеді, — дейді мамандар.

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин, 24 KZ