Абай облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады , деп хабарлайды 24KZ. Көлік салмағы рұқсат етілген межеден аспауы тиіс. Бұл шара жолдарды бүлінуден сақтау мақсатында жасалып отыр. Жауаптылар: «Қатаң қадағалаймыз», – деп отыр.

Қазір облыс жолдарының небәрі 38%-і қанағаттанарлық жағдайда. Асфальт жабынының тез тозуына жүк көліктерінің шектен тыс салмағы себеп болған. Сондықтан өңірдегі елдімекендердің кіреберіс тұсына автоматты таразылар орнатылады. Салмағы ауыр жүк көліктеріне жүруге тыйым салынады.

Айбек Әнуарбеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ОФ директоры:

- Бір осьқа түсетін салмақ, мысалы, 13 тонна деп есептеледі. Бірақ іс жүзінде алғанда жоқ дегенде екі есе артып алады. Екі есе жүктеме де көбейеді. Қазір ондай фактілер бар. Оған қарайтын, мысалы, көліктік бақылау мекемесі бар. Артық тиелгені үшін айыппұлдар салынады. Ол айыппұлдар аз емес. Өте көп. Сондықтан тасу алдында ойланатын болар.