Елдегі барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Онда оқушылардың жыл бойы алған білімі сараланып, арман-мақсаттары жайлы пікірі тыңдалды. Астанадағы №104 орта мектепте мұндай сынып сағатын Оқу-ағарту министрі өткізді. Ғани Бейсембаев жастардың адал, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс екенін және бұл қасиеттер «Адал Азамат» тұжырымдамасының негізі екенін атап өтті.

Ерасыл Адухан, мектеп түлегі:

- «Ең алдымен жетістікке жетудің басты мақсаты ретінде табандылық», — деді. «Әрбір істің өз маманы болатын кезде қандай мамандық таңдасаң да, төзімділік таныту», — деді.. Халықаралық қатынастар бағытына барғым келеді. Яғни, дипломатияға. Өзімнің осы халқыма деген үлесімді тигізгім келеді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Оқушыларымыздың алдына қойып отырған мақсаттары мені таңғалдырды. Олардың әрқайсысы өз сөзінің соңында елге адал қызмет ететіндігін және бар білімін елдің мықты болуына жұмсайтынын мақсат етіп отырғаны мені қатты қуантты. Бұл мемлекеттің осындай білім саласына үлкен қолдау көрсетіп отырғанына біздің жастарымыздың кері байланысы.