Былтырдан бері Қазақстанда техникалық реттеу жөніндегі ақпараттық жүйе жұмыс істеуде.

Бұл — кәсіпкерлерге техникалық құжаттардың түпнұсқалығын арнайы QR-кодтар арқылы тексеруге, сондай-ақ сертификаттауға электронды өтінім беруге мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Бұл құжаттарды қарау мерзімін айтарлықтай қысқартуға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, ведомстволар арасындағы функциялардың қайталануына жол бермейді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйеде 150 мыңнан астам адам тіркелген.