Оралда алаяқ тұрғындарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құрықтаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Алаяқ Орал аумағында азаматтардың сеніміне кіріп, ақшасын иемденіп кеткен. Күні бүгін оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұрғын анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 6,5 млн теңге", – деп хабарлады ведомстводан.
Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. БҚО полиция департаменті азаматтарға сақ болып, құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеу керегін еске салады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!