Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін толқынысқа толы ерекше күндердің бірі өтіп жатыр. Осыған орай әлеуметтік желіде актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызы Сезімге арналған анасының жүрекжарды жазбасын жариялап, көпшіліктің көңілін толқытты , деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбада актриса қызы екеуінің 11-сынып бойы басынан кешкен қиындықтар мен қуанышты сәттері жайлы бөлісіп, түлек үшін мектеп бітіру кезеңінің үлкен жетістік екенін атап өткен. Ол:

«Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне, жемісін теретін кезеңге жеттің. Қадамың оң болғай!» – деп жазды.

Жұлдыз Әбдікәрімова қызына деген сенімінің зор болғанын, осы уақыт ішінде өз өмірінде де өсіп, жетілгенін айтып, эмоциялық қолдау білдірген.

Жазбаның соңында ол барлық мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп:

«Құрметті түлектер, ақ жол!» – деген ізгі тілегін жеткізді.

Бұл жазба қазіргі таңда түлектер мен ата-аналардың көңіл-күйін дөп басқан әсерлі жазбалардың біріне айналып отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)