Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаңалықтар

Астанада сауда орталығы өртенді

Астанада сауда орталығы өртенді

Түнде Астанада «Биг Шанхай» деген атаумен белгілі сауда орталығы өртенді.

Алаш тасжолының бойындағы Байқоңыр ауданында орналасқан үш қабатты ғимараттан от сағат 03:00-де шыққан. Оны сөндіруге 60 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылған. Әзірге от шарпыған аумақтың ауданы белгісіз. Қазір қызыл жалынмен күрес жалғасып жатыр.