Газа секторында жарты айда 798 адам қаза тапты. Олар азық-түлік тарату орталықтарында гуманитарлық көмек алу кезінде оққа ұшқан. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі басқармасы мәлімдеді.
Ресми дерекке қарағанда бейбіт тұрғындарға қарсы суық қару мен гранаталар қолданылған. Ұйым өкілдері құрбандар санының көптігін айтып айыптады. «Сондай-ақ аймаққа кіретін көмектің қауіпсіздігін қатаң қадағалау керек», – дейді. Гуманитарық қор жұмысын мамыр айында бастады. Содан бері Израиль әскері бірнеше мәрте оқ жаудырған. Тел-Авив бұл әрекет бейбіт тұрғындарға емес, ХАМАС-қа қарсы бағытталғанын алға тартады.