«AMANAT» партиясы тау туризмін дамытуға бағытталған «Алатау аманаты» жобасын іске қосты. Шарын шатқалынан бастап, Тамғалы-тас кешеніне дейін 1200 шақырымнан астам соқпақ салу көзделіп отыр. Туристер бұл бағытпен этноауылдарға, визит-орталықтарға, этномәдени орындарға бара алады. Жол бойында 270 мыңнан астам тұрғыны бар 20 елді мекен орналасқан. Жоба туризм саласын дамытуды ғана емес, ауыл-аймақтың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді дейді партия төрағасы

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

Бүгінде туризм саласы экономикалық өсімге тың серпін беретін бағытқа айналуда. Туризм – бұл жаңа мұнай. Сондықтан Мемлекет басшысы осы секторды дамыту қажет екенін үнемі айтып келеді. Шетелдік туристер халқымыздың қонақжайлығын жақсы біледі және Қазақстанға ерекше ықыласпен келеді. Бүгінгі «Алатау аманаты» жобасы туризмді дамыту бағытында жасалған тағы бір маңызды әрі жүйелі қадам екеніне сенімдімін.

Дархан Рахымжан