Алматыдағы 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот үкімі шықты. Екі жыл бұрын болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты сотталушылар кінәлі деп танылып, Әділбек Мұхамедияров 5 жылға, ал Александр Пекельник 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өз кінәсын мойындаған жоқ. Сот процесі тоғыз айға созылып, судья сотталушылардың кінәсі толық дәлелденгенін түсіндірді. Жәбірленушілер өтемақы ретінде 20-30 миллион теңге сұраған. Алайда сот жәбірленушілер саны мен айыпталушылардың табысын ескеріп, әрқайсысына 7 миллион теңгеден моральдық өтемақы тағайындады. Сот аяқталған соң екі сотталушы да үкіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.
Еске салайық, хостелдегі өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болды. Қайғылы оқиғадан 13 адам қаза тапты. Олардың төртеуі – шетел азаматтары. Қызыл жалын тұтанған кезде хостелде 72 адам болған.
Жазира Оразқызы