Блогер , актёр, продюсер Жахан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке атанғалы жатқан досына қатты қъуанғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірер күн бұрын блогер Елдос Кадирханов 9 жыл күткен сәбиінің жақын арада өмірге келетінін айтып, елден сүйінші сұраған еді. Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында блогерді құттықтап, өзінің де 16 жылдан бері бір балаға зар болып жүргенін жасырмады. Сондай-ақ, ол Алладан үмітін үзбейтінін де айтты.

”Колобок үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен сенемін Аллаға”, — дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жахан Утаргалиев ???? (@zhahan_utargaliyev)