Блогер Елдос «Колобок» Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өміріндегі ең ерекше сәттердің бірін айтып берді , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, әйелі жүкті екенін айту үшін арнайы тосынсый ұйымдастырған Болашақ ана жай ғана кішкентай баланың емізігін көрсетіп, «сәби күтіп жүрміз» дегенді жеткізген.

Бұл хабарды көрген сәтте блогер алғашында сенбей, абдырап қалғанын жасырмай айтты.

Алайда аздан соң бәрін ұғынып, толқып кеткені сонша — көз жасын тыя алмаған.

Оқырмандары мен жанкүйерлері бұл сәтті «шын сезімнің көрінісі» деп атап, жылы лебіздерін білдіруде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)