Қазақстандық IT-жоба WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті. Жеңімпаздар Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының басты бастамасы болып саналатын Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік жоғары деңгейдегі кездесу аясында жарияланды.
Қазақстандық команда марапаттау сессиясын ашты. Басты сыйлықты Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады.
Бұл еліміздің аталған беделді байқаудағы 2013 жылдан бергі алғашқы жеңісі. Биыл оған әлемнің түрлі елдерінен шамамен 1000 жоба қатысты.