Астана күніне орай Есіл ауданында жаңа ауланың ашылу салтанаты өтті.
Әл-Фараби және Мәңгілік Ел даңғылдарында орналасқан ойын алаңдары "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында абаттандырылды. Биыл тұрғындар тарапынан ең көп дауыс жинаған алты аумақ осы жобаға енгізілді. Жалпы ауданда 400-дей аула бар. Биыл оның қырыққа жуығына жергілікті сипаттағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шарада аудан әкімі белсенділік танытқан тұрғындарға алғыс хаттар табыстады. Айта кеткен жөн, жыл соңына дейін елордада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру көзделген. Қазір жұмыстың басым бөлігі аяқталды.
Дарменияр Қыдырбекұлы, Есіл ауданының әкімі:
- Жалпы жылда бізде Есіл ауданына он шақты аулаға дейін күрделі жұмыс өткізуімізге мүмкіндіктеріміз бар. Соңғы 5-6 жылдың ішінде 90 пайызға дейін аулалардың қалпын келтірдік. Осы ауланың жобасы бойынша айтқанда барлығы ауыстырылған. Спорттық алаңдар, Футбол алаңы, МАФ дейміз, качеля, горкалар, сырғанақтар бәрі жаңартылды.