ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті. Ұйымның сайтында жарияланған ақпарға қарағанда келесі айдан бастап қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 548 мың баррельге дейін арттырады.

Бұған әлемдік нарықта мұнай қорының азаюы және жаһандық экономиканың тұрақталуы себеп. Ұйымға мүше елдер нарықтағы ахуалға байланысты шешімді өзгертуі де мүмкін. Сарапшылар: «АҚШ пен өзге мұнай өндіруші елдерден ұсыныс артып, ОПЕК+ нарықтағы үлесін кеңейтуге ұмтылып отыр», – деп топшылайды.