Елде 1 тамыздан бастап ауыл шаруашылығы санағы басталады. Жауаптылар 2 млн-ға жуық үй шаруашылығы мен 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығында есеп жүргізуге ниетті.

Науқан екі кезеңнен тұрады. Алғашында тамыз айында онлайн есеп жүргізіледі. Ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін санақтың офлайн кезеңі өтеді. Онда санақшылар қатысушылардан жеке-жеке сауалнама алады. «Бұл агросектордағы түйінді түйткілдерді анықтап, қордаланған мәселелерді шешудің тетіктерін табуға көмектеседі», – дейді ұйымдастырушылар.