Уимблдонның 2022 жылғы чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады. Үлкен Дулыға турниріндегі бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды жеңді. Бірінші сетте отандасымыз 5:0 есебімен басымдыққа ие болды. Сол сәтте Элина есепті 2 ұпайға қысқартқанымен, Елена брейк жасап, алғашқы партияда жеңіске жетті. Екінші сетте де еліміздің бірінші ракеткасы қарсыласқа еш мүмкіндік қалдырады. Матч: 6:2, 6:1 есебімен түйінделді. Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездескен. Ол кезде де Рыбакина өзінің мықтылығын көрсеткен. Жерлеміздің келесі қарсыласы – грекиялық Мария Саккари.
Сондай-ақ ерлерден жекелей сында бақ сынаған барлық теннисші жарыс жолынан шығып қалды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 55-орында тұрған испаниялық Хауме Муньярдан жеңілді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. 5 сетке созылған сын 3:2 есебімен испан спортшысының пайдасына шешілді. Бұдан бөлек рейтингтің 98-сатысына жайғасқан Александр Шевченко америкалық теннисшіге 3:6, 5:7, 6:7 есебімен есе жіберді. Тұңғыш рет Уимблдонның негізгі кезеңіне жолдама алған қазақ баласы – Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымда Италия өкілінен айласын асыра алмады.
Асылбек Данияр