Ресей мен Әзербайжан арасында дипломатиялық жанжал күшейіп барады. Дүйсенбі күні Бакуде Ресейдің «Спутник» агенттігінде екі журналист тұтқындалды. Бірақ жергілікті үкіметтің хабарлауынша, олар – Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің агенттері.

Бұл шиеленістің басталуына жұма күні Екатеринбургте екі азербайжандық күдіктінің тұтқындау операциясы кезінде қаза табуы себепші. Сол оқиға үшін Баку Ресей вице-премьерінің Әзербайжанға сапарын доғарып, ресейлік музыканттардың концертіне тыйым салған. Мәскеу болса, күдіктілер «нәсілшілдік негізде өлтірілді» деген уәжді жоққа шығарып, Әзербайжанның әрекеттерін айыптап отыр.

Арыстан Рысбек