Флорида штатында заңсыз мигранттар орталығы ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Лагерь ұлттық саябақтағы ескі оқу-жаттығу әуежайында құрылған. Онда 5 мың адам сыятын шатырлар тігілді. Жүзге жуық сарбаз лагердегі тәртіпті қадағалайды.
«Гардиан» басылымы: «Орталықтың айналасы батпақ және мұнда жыртқыш аллигаторлар мен улы жыландар», — көп дейді. Бұл мигранттар құқығын қорғаушылар мен экологиялық ұйым өкілдерінің наразылығын тудырды.