Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқығын қорғады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар.

Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді.

Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау бойынша шаралар қабылданды.

Мысалы, облыс орталығында жетім бала өтініш беру кезінде ешқандай негізсіз кезектен алынған.

Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жастағы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған.

Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget