Жаңа Салық кодексін іске асыру арқылы бюджетке 3,5 трлн теңге түсуі мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қосымша түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративті табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ, салық жеңілдіктері қысқаруы кіреді.

"Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар, жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі", - деді Азамат Әмрин.

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Салық кодексі Президенттің қол қоюына жіберілетіні хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget