Талдықорғандағы Шығыс шағын ауданында №32 үйдің жанында жастар арасында төбелес болып, оның салдарынан бір жігіт пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, — деп мәлімдеді Талдықорған қаласының ПД баспасөз қызметі.

Кейбір дереккөздерде тараған ақпаратқа сүйенсек, ұсталған күдікті – 2003 жылы туған азамат. Қазіргі уақытта жанжалдың себебі мен мән-жайы анықталуда.

Оқиға орнына үзінді видео Kris_p_astana Телеграм арнасында жарияланды.